Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көкшетауда жаңа қоғамдық автобустар жолға шықты

2019 жылғы 6 шілде 14:27 721
Бөлісіңіз:
Көкшетауда жаңа қоғамдық автобустар жолға шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елорда күнін мерекелеу аясында Көкшетауда жаңа автобустар жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығындағы «Абылай хан» алаңында өткен салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен қала тұрғындары қатысты.

«YUTONG» маркалы 31 автобус «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Сарыарқаавтоөнеркәсіп» компаниясынан сатып алынған және қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.

«Бүгін баршаңызды ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтаймын. Ақмола астаналық облыс екені белгілі. Сондықтан, облыс орталығы Көкшетау қаласының сырт келбетін жаңартып, көшелерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүгізілуде. Мұның барлығы қала тұрғындарының қатынап жүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі қолданысқа беріп отырған автобустарымыз соның алғашқылары. Алдағы уақытта қалаішілік бағыттағы автобустарды толық жүз пайыз ауыстыру жоспарда бар», -деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. 

Көкшетауда жаңа қоғамдық автобустар жолға шықты 

«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр.

Жалпы, аталмыш автобус паркі тарапынан барлығы жаңа үлгідегі 44 автобус сатып алынған. Бүгін оның 31-і қолданысқа берілсе, алдағы  күндері қалған 13-і жеткізілмек. Бұл жоба бойынша қолданыстағы тозығы жеткен автобустарды ауыстыру қарастырылған.

«Жаңа көліктер жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған», - дейді Әсия Шәрімова.


Көкшетауда жаңа қоғамдық автобустар жолға шықты 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT