Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды

2019 жылғы 9 шілде 09:53 721
Бөлісіңіз:
Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Кіші Шабақты көлінде ресейлік тоғыз жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 шілде күні Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Кіші Шабақты көлінде үрленген матраспен жүзіп жүрген тоғыз жасар баланы толқын көлдің ортасына ағызып әкеткен.

«Баланың ата-анасы құтқарушыларға жүгінді. Бір минуттан кейін олар катермен жетіп барып, баланы құтқарды. Балада құтқару желеті болмаған. Кейін анықталғандай, туристер отбасымен демалу үшін Ресей Федерациясынан келгендер екен. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғысын білдірді», - дейді ведомство өкілдері.

Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері ата-аналардан балаларын судың алдында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

«Биылғы шомылу маусымы басталғалы өңірде шомылуға арналмаған суға түсемін деп үш бала батып кетті», - дейді құтқарушылар.

Автор: Оксана Матасова

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT