Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Қазақстандық ғалым жусаннан косметикалық өнім ойлап тапты

2019 жылғы 4 мамыр 16:09 1458
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ғалым жусаннан косметикалық өнім ойлап тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалым жусан мен жантақтан бірнеше косметикалық өнім ойлап тапқан. Ерекше өнімдер елордада өткен отандық өндірушілердің 5-ші көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биотехнолог Сәуле Мұсаева тау мен дала шөптерінен, арпа мен сұлыдан емдік косметика жасауды қолға алған. 

«Жусанның емдік қасиеті туралы көптеген зерттеулер бар. Соларға сүйене отырып, оны бірнеше косметикалық өнімнің құрамына қостық. Шашқа арналған емдік сусабын мен  бетке арналған жақпа шырынды дала жусаны пайдалы ферменттермен байытатынын дәлелдеп шықтық. Ал жусанды жантақпен араластырып, ішек құрылысын тазартатын ұнтақ ойлап таптық» - дейді кәсіпкер Зәуре Мұсаева.

Көрме барысында табиғи өнімдерге желілік сауда компаниясы қызығушылық танытып, Қазақстан бойынша таратып сатуға ұсыныс білдіріпті.

«Қазақстандық өнімдердің пайдалы тұстары көп. Мысалы Жапонияға қоныс аударған кейбір жерлестеріміз біздің өнімдерді тапсырыспен алғызып тұрады. Астананың желінен бетін қорғағысы келген әйелдер де жиі келіп жүр. Алматыда да сауда нүктеміз бар. Біздің өнімдердің еуропалық баламалары 20-30 есеге қымбат. Ал әсері бірдей. Қазір өндіріс жартылай автоматты режимде жұмыс істеп тұр» - дейді Зәуре  Мұсаева.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT