Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық боксшылар Халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды

2019 жылғы 10 шілде 09:50 1216
Бөлісіңіз:
Қазақстандық боксшылар Халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда жастар арасында бокстан өткен Brundenburg-Cup 2019 халықаралық турнирінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, қазақстандық боксшылар аталған турнирден үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Алғашқы алтынды 56 келі салмақта Жексен Бейбарыс жеңіп алса, екінші чемпиондық атаққа 60 келі салмақта Аширхан Айтжан қол жеткізді. Ал ел қоржынына үшінші алтынды 91 келі салмақта Тоғамбай Сағындық салды.

Жалғыз күмісті 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат Сырымбетов жеңіп алса, қола медальға Мұхамедсабыр Базарбайұлы (49 кг), Дархан Дүйсебай (64 кг), Қуандық Мақсұт (81 кг) және Аманат Сабырғали (+91 кг) ие болды.

Сондай-ақ, 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әшірхан  Айтжан «турнирдің үздік боксшысы» атанды.

Жалпы финалда 21 елдің өкілдері чемпиондық атаққа таласты. Олардың арасында Ресей, Украина, Франция, Германия, Дания, Румыния, Польша, Уэльс, Аргентина және басқа да Еуропа елдерінің боксшылары болды.

Жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы топ жарды. Турнир ағымдағы жылдың қыркүйек айында Болгарияда өтетін жасөспірімдер арасындағы бокстан Еуропа чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT