Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда жаңа баспана қымбаттады

2019 жылғы 10 шілде 15:01 745
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жаңа баспана қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың маусым айында жаңа баспананың шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 мың 530 теңгені құрап, өткен айдағы көрсеткіштен 0,1%-ға артты. Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 3,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі маусым айында орташа 193 мың 188 теңге (мамыр айымен салыстырғанда 0,5%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 120 мың 419 теңге (+0,6%, +1,8% және +2,9%) болды.

Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 436 теңгені құрады (+0,3%, +2,6% және +7,5%).

Автор: Асхат Ахметбеков

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тұрғын үй, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT