Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша электромобиль жүйткіп жүр

2019 жылғы 10 шілде 13:30 1141
Бөлісіңіз:
 Қазақстанда қанша электромобиль жүйткіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 200-ге жуық электромобиль бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір барлық шетелдік өндірушілер электромобиль шығаруға көшіп жатыр. Бұл әлемдік тренд. Олардың пайымынша, 2020-2022 жылдары автомобиль сатылымы 89 пайызға жетпек. Біз мұнан қалып қоймауымыз керек.  Электромобиль құрастырумен айналысатын бірнеше қазақстандық компанияны атаған едім. Әзірше, қазақстандық өндірушілер шығаратын электромобильдердің құны  Tesla көліктерінен 1,5 есе қымбат болып тұр», - деді вице-министр.

Осы орайда ол электромобиль бағасына тоқталды.

«Бүгінде әлемде Tesla бірінші орында тұр және ол автомобильдің үшінші буынын шығаруда. Олар Қазақстанда да бар. Біздің автомобиль өндірушілеріміз аталған көлікті зерделеп жатыр. Оның бағасы шамамен 28 мың доллар тұрады. Өндірушілеріміз электромобильдерге қолданылатын батареялар қазақстандық болуы үшін жұмыс істеп жатыр. Ғылыми институттарымыз аталған батареяны Қазақстанда қалай жасауға болатындығы туралы тапсырма алды. Себебі оған қажетті шикізат бізде мол көлемде бар», - деді ол.

Сонымен қатар ол отандық өндірушілер шығарған электромобильдердің құнының төмендеуі уақыт еншісінде екендігін айтты.

«Бірнеше автокөлік құралы құрастырылып, сатылымға шығарылды. Егер оған сұраныс болса, онда автомобиль өндірушілеріміз электромобильдер шығаруға дайын. Қазіргі  уақытта электромобильдерге инфрақұрылым жасау жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолында қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстанда шамамен 200 көлік жүйткіп жүр. Оның алтауы немесе жетеуі «Сарыарқа автоөнеркәсіп» пен «Азия автода» құрастырылған», - деді Аманияз Ержанов.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT