Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда әктас, гипс және бояу арзандады

2019 жылғы 10 шілде 15:59 614
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әктас, гипс және бояу арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың маусымында құрылыстағы бағалар 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға, қаңтар-маусымда 0,1%-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биыл маусымда өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда құрылыс-монтаждық жұмыстарға баға 0,3%-ға төмендесе, машина мен құрал-жабдықтарға 3,2%-ға артқан. Ал, басқа да жұмыстар мен шығындарға 2,7%-ға қымбаттаған. 2019 жылдың бірінші тоқсанында 2018 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда сәйкесінше 2,1%, 1,7% және 4,3%-ға жоғарылаған.

Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер мен құрылымдар бағасы 0,5%-ға қымбаттаған. Керамикалық плиткалар мен плиталар 4,5%-ға, цемент - 3,4% -ға, шағыл - 2,3%-ға, құм -1,3%,  қиыршық тас бағасы - 1%-ға артты. Әктас пен гипс құны 5,9%-ға, бояулар мен эмальдар 4,2%, құрылыс ерітінділері - 2,9%-ға, лактар - 1,3%-ға арзандады.

 Асхат Ахметбеков

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT