Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда 2020-2024 жылдарға индустрияландырудың бағдарламасы әзірленіп жатыр

2018 жылғы 22 тамыз 12:15 10505
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 2020-2024 жылдарға индустрияландырудың бағдарламасы әзірленіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығына арналған құжат әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жаңа жаһандық технологиялық трендтерді есепке ала отырып, 2020-2024 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлегенін атап өткім келеді. Негізгі мақсат - экспортты дамыту мен ілгерілетуге екпін жасай отырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру», - деді Ж. Қасымбек.

Осы орайда технологиялар трансфертіне және өңдеу өнеркәсібін цифрландыруға айрықша назар аударылатын болады.

«Бақытжан Әбдірұлы, біз Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының негізгі қағидалары мен тәсілдемелерін Сіздің төрағалық етуіңізбен Өнеркәсіптік даму комиссияның отырысына шығаруды ұсынамыз (ағымдағы жылғы қыркүйектің бірінші он күндігі)», - деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаның бірінші бесжылдығы 2010 жылы, ал екіншісі 2015 жылы басталған болатын.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT