Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Грекиядағы сайлау: Оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті

2019 жылғы 8 шілде 09:47 874
Бөлісіңіз:
Грекиядағы сайлау: Оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекиядағы кезектен тыс парламенттік сайлауда оппозициялық «Жаңа демократия» партиясы басым дауысқа ие болды, деп хабарлайды ВВС.

Грекия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  90% бюллетень саналғаннан кейін «Жаңа демократия» 39,78% дауыс алған, ал биліктегі солшыл коалиция  "Сириза" - 31,56%.

Айырмашылықтың аса көп болмағанына қарамастан «Жаңа демократия» басым дауысқа ие болады, өйткені парламентте жеңімпаз қосымша 50 орын алады.

Премьер-министр Алексис Ципрас «Жаңа демократия» лидері Кириакос Мицотакиске қоңырау шалып, оны «Сириза» партиясының атынан жеңісімен құттықтады. Ал дүйсенбіде оның билікті елдің жаңа көшбасшысына тапсыруы күтіліп отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT