Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Голливуд Маңғыстау туралы фильм түсірмек

2019 жылғы 5 шілде 19:07 914
Бөлісіңіз:
Голливуд Маңғыстау туралы фильм түсірмек

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлемнің ірі киностудия өкілдері Маңғыстау туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шетелдік продюсерлердің қатысуымен  өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен 15-Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің ашылуына келген шетелдіктер елорданы және Алматы облысын аралап, Маңғыстауға келген. Олардың арасында АҚШ, Жаңа Зеландия, Словениядан Discovery, NBC Universal, Global Film Solutіons, Lionsgate, Warner Horison  сынды ірі голливудтық кинокомпаниялардың өкілдері бар.

Екі күнге келген сапар аясында олар Шерқала тауын, жерасты мешіттерін аралап, шар тәріздес алып тастардың тарихымен танысқан. Сондай-ақ, жартастағы соқпақ жолдармен  жүріп өтіп,  желкенді қайықпен серуендеді.

«Нұр-Сұлтаннан бастау алған сапарымыз қызықты сәттерге толы болды. Көп тәжірибе жинадық. Ерекше шабыт алдым, табиғат қандай ерекше. Барлық жүріп өткен жерлерімізді бейнетаспаға түсіріп келеміз. Видео - ролик жасап, өз елімізге барғанда көрсеткіміз келеді. Болашақта қайтадан келіп, кино түсіруді жоспарлап отырмыз. Бірақ, әзірге қандай бағытта екенін ойластырудамыз», - деді Discovery арнасының вице-президенті Джорджина Суртис.

Жетісу өңірі мен маңғаз Маңғыстаудың тамаша табиғаты шетелдік кинокомпания өқілдерін ерекше таңғалдырған. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT