Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Футбол: Литва құрамасының ойыншысы «Тобылға» келді

2019 жылғы 9 шілде 23:52 692
Бөлісіңіз:
Футбол: Литва құрамасының ойыншысы «Тобылға» келді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Литва құрамасының футболшысы Витаутас Андрюшкявичюс Қостанайдың «Тобылына» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай клубы Литва құрамасының қорғаушысымен бір жылдық еңбек келісімін жасасты. Витаутас өзінің мансабын 2007 жылы жергілікті «Каунаста» бастады. Бұл клубтың құрамында Литва чемпионы, Кубок пен ел суперкубогының иегері атанды.

«2010 жылы қорғаушы Польша чемпионатына келіп, «Легия» намысын қорғады. Гданьскіде Андрюшкявичюс үш маусым өткізіп, команданы алмастыруға шешім қабылдады. Бұдан соң ол шведтің «Юргорден» командасына ауысты. 2014 жылы ол голландиялық "Камбюр" құрамында өнер көрсете бастады. Екі жылдан соң ол солтүстікамерикалық «Портленд Тимберс» құрамына алынды», - делінген клубтың ресми сайтында.

1990 жылы туған Андрюшкявичюс америкалық «Ди Си Юнайтед» және литвалық «Судува» клубтарында да ойнады. Футболшы Литва ұлттық құрамасында 30 матчқа қатысты. Ол Қостанайда 2020 жылға дейін доп тебеді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қостанай облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT