Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Eurosport Баландиннің Риодағы жеңісін сенсацияға балады

2016 жылғы 12 тамыз 00:55 10250
Бөлісіңіз:
Eurosport Баландиннің Риодағы жеңісін сенсацияға балады

АС ТАНА. ҚазАқпарат -  Біздің спортшымыз Дмитрий Баландин туралы танымал Eurosport телеарнасының сайтында мақала жарияланды, деп хабарлады  www.archive.archive.24.kz.

Интернет-портал «қазақстандық жүзгіш нағыз сенсация жасады» деп жазған. Себебі бассейннің шеткі жолақтарында құлаш ұратын спортшылардың жеңіске жетуі - шынында сирек жағдай. Әдетте ортаңғы бөліктегі қарсыластары тудырған толқын олардың еркін көсілуіне әжептеуір кедергі келтіреді.

Бұдан басқа, Eurosport «қазақ елінің спортшылары 1 сағаттың ішінде 2 алтын медальді қанжығалады» деп атап көрсетті. Шетелдік ақпарат құралы алғашқы алтынды ауыр атлет Нижат Рахимов алғанын тамсана жазды.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, БАҚ, Олимпиада,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT