Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Еуропа парламентіне жаңа президент сайланды

2019 жылғы 3 шілде 18:54 805
Бөлісіңіз:
Еуропа парламентіне жаңа президент сайланды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - «Социалистер мен демократтардың прогресшіл альянсы» саяси тобының өкілі, италиялық Давид-Мария Сассоли Еуропа парламентінің жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Сәрсенбі күні Страсбургте өткен екінші раундта Д. Сассолиді қолдап 345 депутат дауыс берген. Оның өкілдік мерзімі - 2,5 жыл, содан кейін жаңа президент сайланады.

«Еуропаның консерваторлары мен реформашылдары» тобының өкілі, чех Ян Заградил 160 дауыс, «Жасылдар - Еуропаның еркін альянсы» фракциясының өкілі, германиялық Ска Келлер 119 дауыс, «Еуропаның бірлескен солшылдары / солтүстіктің солшыл-жасылдары» саяси тобы ұсынған испаниялық Сира Рего 43 дауыс жинаған.

Айта кетейік, 63 жастағы Д. Сассоли көп жылдар Италияда журналист болып жұмыс істеген. 2009 жылы оны Италияның Демократиялық партиясы ұсынып, алғаш рет Еуропа парламентіне депутат болып сайланды, кейіннен 2014, 2019 жылдары қайта сайланған болатын.



Автор: Тимур Дүйсекеев

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT