Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еуропа одағы Иранды ядролық келісімдерді бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырды

2019 жылғы 3 шілде 15:58 631
Бөлісіңіз:
Еуропа одағы Иранды ядролық келісімдерді бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбритания, Германия және Францияның сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ЕО дипломатиясының басшысы ресми Тегеранды Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Олар Иранның аз байытылған уран қорларының 300 килограмдық шегінен асып кетуіне алаңдап отыр. Осы меже Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германия арасындағы келісімде - Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарында көрсетілген.

«Біздің ядролық мәмілені сақтауымыз толығымен оны Иранның сақтауына байланысты. Иранның осындай шешімге келгеніне алаңдап отырмыз», - дейді еуропалық дипломаттар.

Ұлыбритания, Германия, Франция және ЕО Иранды бұдан әрі ядролық келісімдерді бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Айта кетейік, 1 шілде күні Иран 3,67 пайызға дейін байытылған уран қорларының межеден асып кеткенін жариялады. Тегеран бұған дейін тағы бірнеше шарттарды бұзуға әзір екенін білдірген. Иран тарапының айтуынша, бұл әрекеттер АҚШ санкцияларына жауап ретінде істеліп отыр.

Автор: Тимур Дүйсекеев

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT