Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елорда мерекесі: Талдықорғанда 230 отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 6 шілде 14:50 805
Бөлісіңіз:
Елорда мерекесі: Талдықорғанда 230 отбасы баспаналы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елорда мерекесінде талдықорғандық 230 отбасы баспаналы болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорғанда көпқабатты үш тұрғын үй пайдалануға берілді. Зәулім ғимараттар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында салынды. Баспаналы болғандардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала мамандары мен қарапайым еңбек адамдары бар.  Шаңырақ иелерін Нұр-Сұлтан күнімен құттықтап, салтанатты түрде кілтті өңір басшысы Амандық Баталов табыстады.

«Қазіргі мына мемлекеттік бағдарламамен үй алған өте қолайлы. Біздің де кезегіміз келіп, қызымызға үй беріліп отыр. Сезіміз керемет болып тұр», - деді қоныс тойын тойлап жатқан Анаргүл Қалқабаева.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT