Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды

2018 жылғы 27 қараша 17:33 2583
Бөлісіңіз:
Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырған «Ең үздік қазақтілді интернет-сайт» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдігі, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Сайысқа республиканың барлық аймақтарынан 30-ға жуық өтінім келіп түскен. Соның ішінен 17 сайт іріктеу кезеңінен өтіп, оның 8-і түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Шара мақсаты - интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға  үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

«Біздің қор қоғамдық маңызы бар жобаларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бұл байқау ана тіліміздің қазіргі интернет тілімен сөйлеуіне мүмкіндік береді. Байқауға қатысушылардың саны жыл санап артып отыр. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отырған бәсекеге 100-ден астам қазақ тілді сайт қатысты. Үздік атанған сайттар қазақ тілінің ғана емес, елімізде түрлі нақты жобаларды жүзеге асыруға үлес қосады деп санаймын», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова.
Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды 

Сонымен, «Өткір тіл» аталымы бойынша - www.archive.silteme.kz  порталы, «Рухани азық» аталымы бойынша - www.archive.sal-seri.kz порталы, «Шынайы өмір» аталымы бойынша - www.archive.qazir.kz порталы, «Спорт тынысы»  аталымы бойынша - www.archive.argymaq.kz  порталы, «Білім бұлағы» аталымы бойынша -  www.archive.эрудит.kz  порталы, «Жастар әлемі» аталымы бойынша - www.archive.univerlife.kz  порталы, «Аймақ айнасы» аталымы бойынша - www.archive.mediaon.kz порталы, «Балаларға базарлық» аталымы бойынша - www.archive.dapter.kz  порталы үздік интернет-сайт атанды. 
Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды 


Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды 
Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды 
Еліміздегі ең үздік қазақтілді интернет сайттар анықталды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT