Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еліміздегі 180 колледж бен 20 ЖОО жаңартылады - Мемлекет басшысы

2019 жылғы 4 шілде 17:29 1625
Бөлісіңіз:
Еліміздегі 180 колледж бен 20 ЖОО жаңартылады - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш жыл ішінде елімізде 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны ашылады. Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында 180 коллежд бен 20 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны жаңартылады. Біз республикалық бюджеттен бұл мақсатқа тек алғашқы кезеңнің өзінде 58 млрд теңге бөлеміз. Бұл - шамамен 150 млн доллар. Басты мақсат - отандық және шетелдік серіктестерді белсенді тарта отырып, білім беру бағдарламасын айтарлықтай жаңарту және жаңғырту», - деді ҚР Президенті.

Осы орайда Қ.Тоқаев білім экономиканың бір саласы деген пікірмен толықтай келісетінін баса айтты.

«Жетекші әлемдік оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті белсенді дамыту қажет. Білім беру World skills әлемдік стандартына сай болуы тиіс. Біз халықаралық серіктестерге, оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Ernst&Young, PWC-ге бұл мәселеде сарапшылық қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған колледждер базасында жедел кадр дайындау және қайта дайындау үшін құзірет орталықтарын құру керек», - деді Қ.Тоқаев. 

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларды аталған процеске белсене қатысуға шақырды.

«Біздің кеңестің шетелдік инвесторларына бұл жұмысқа белсене қатысуды ұсынамын. Қазақстан Үкіметіне шетелдік тараппен бірге өзара ынтымақтастықтың өте маңызды бағыты бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT