Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елбасы тапсырмасы: Ақмолада 3,5 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі

2018 жылғы 4 желтоқсан 01:50 10265
Бөлісіңіз:
Елбасы тапсырмасы: Ақмолада 3,5 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 300-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмеңгі айлық алатын жұмысшылардың еңбекақыларын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, ең төменгі жалақыны көтеру туралы Елбасы бастамасын қолдаушылар қатарында ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау зауыттары мен коммуналдық қызмет көрсететін компаниялар да бар.  Жалпы, облыс бойынша  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 313 компания ең төмеңгі айлық алатын 3565 жұмысшының еңбекақысын көтеруді жоспарлап отыр.

«Еліміздегі сияқты алдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, біздің кəсіпорында да жұмысшылардың айлығын көтеру жоспарланып отыр. Жұмысшылардың санатына байланысты 5-тен 20 пайызға дейін, яғни, орташа алғанда 10 пайызға көтеретін боламыз. Осылайша, жұмысшыларымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы біз олардың еңбекке деген құлшынысын арттырамыз. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, табыстың молаюына жол ашады», - дейді Аршалы ауданындағы «Аркада Индастри» ЖШС-нің директоры Владимир Ножкин.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Ақмола облысы əкімдігі  2019 жылы бюджеттік ұйымдарда еңбек ететін 58 мың қызметкердің (жалпы қызметкерлер санының 15 пайызы) жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтерілетінін айтқан еді.

Сол кезде «Тыныс» АҚ, «TNK» агрофирмасы, «Гормолзавод» ЖШС тəрізді облыстағы 20-дан астам ірі компания өз жұмысшыларының жалақысын көтеруге бірден дайын екендіктерін білдірген болатын.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT