Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

2019 жылғы 10 шілде 11:00 1643
Бөлісіңіз:
Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бұрынғы вице-министрге қатысты ақшалай айыппұл тағайындалды. Э. Суханбердиева сот залында босатылды.

Оған 2500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындау шешімі шығарылды. Жалпы, ол 5 948 900 теңгені төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекет үлесі 50% асатын өзге де мемлекеттік ұйымдарда - ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұдан бөлек, Эльмира Суханбердиеваны «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы Президентке ұсыным енгізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

9 шілде күні сот отырысы өтіп, ол өз кінәсін мойындады.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT