Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Эльмира Суханбердиева ұстаздық етуі мүмкін

2019 жылғы 10 шілде 12:05 1062
Бөлісіңіз:
Эльмира Суханбердиева ұстаздық етуі мүмкін

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Сот залынан босатылғаннан кейін Эльмира Суханбердиева алдағы уақытта қандай қызметпен айналысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілшілер қауымы Э. Суханбердиевадан қандай салада жұмыс істеуге ниетті екенін сұрады.

«Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар, сондай-ақ ұстаздық етуге болады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол сот үкіміне шағым түсіру үшін Жоғарғы сотқа жүгінуге ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты.

Оған 2500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындау шешімі шығарылды. Жалпы, ол 5 948 900 теңгені төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекет үлесі 50% асатын өзге де мемлекеттік ұйымдарда - ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

9 шілде күні сот отырысы өтіп, ол өз кінәсін мойындады.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT