Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Бюджетті сапасыз жоспарлағандарға жауапкершілік енгізіледі - Қанат Байеділов

2019 жылғы 12 шілде 12:33 957
Бөлісіңіз:
Бюджетті сапасыз жоспарлағандарға жауапкершілік енгізіледі - Қанат Байеділов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бюджетті сапасыз жоспарлағандарға жауапкершілік енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сапасыз жоспарлауға қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Депутаттар да бұл мәселені көтеріп жатады. Ол талқылану үстінде және таяу болашақта сапасыз жоспарлауға жауапкершілік енгізілетін болады», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол салық салудың прогрессивті шкаласын енгізу елімізде жоспарланып отырмағандығын баса айтты.

«Бізде салық саяатын Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады. Сондықтан оған қатысты сауалды оларға қойған жөн болар. Дегенмен, таяу уақытта мұндай шкала енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді Қанат Байеділов.

Мұнан бөлек, вице-министр елімізде жүргізілетін жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықтың бюджетке айта қоярлықтай зияны жоқ екендігін атап өтті.

«Шындығына келген мемлекет жеке тұлғаларға рақымшылық жасауға саналы түрде барып отыр және рақымшылыққа байланысты бюджетке түсімдердің белгілі бір бөлігі азаяды. Дегенмен, саралап қарайтын болсақ, жыл сайын мемлекетке жеке тұлғалар тарапынан шамамен 60 млрд теңге салық түседі. Бұл жалпы кірістің аясында мардымсыз сома, тіпті 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан салықтық рақымшылық жасаудан бюджетке қандай да бір зиян көріп отырғанымыз жоқ», - деді ол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT