Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бурабайда туристерге арналған «Орындық-Бурабай» арт-құрылысы орнатылды

2019 жылғы 10 шілде 10:56 647
Бөлісіңіз:
Бурабайда туристерге арналған «Орындық-Бурабай» арт-құрылысы орнатылды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Бурабай курортының танымалдылығын арттыру мақсатында туристерге арналған «Орындық-Бурабай» арт-құрылысы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, аталмыш нысан әртүрлі табиғи материалдар мен бөлшектерден жасалған. Шығармашылық идея көрермендердің эмоционалды әсеріне арналған.

«Жаздыгүні кез келген адам көп уақытын табиғат аясында өткізгенді қалайды. Саябақ, скверде серуендеп, ашық аспан астында туысқандарымен және достарымен Бурабайдың сұлу табиғаты мен теңдессіз сәулет ескерткіштерін тамашалағысы келеді. «Орындық-Бурабай» арт-құрылысы сондай нысандардың бірі саналады. Нысан Бурабай курортының танымалдылығын арттыру мақсатында туристерге арналған. Нысанның ұзындығы 9,80 метр, ені 1,15 және биіктігі 2,33 метрді құрайды. Екі жақта орнатылған орындыққа 20 адам еркін жайғасып отыра алады», дейді «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының баспасөз қызметі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT