Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бразилияда нөсер жаңбыр бөгетті бұзып кетті, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

2019 жылғы 12 шілде 06:43 735
Бөлісіңіз:
Бразилияда нөсер жаңбыр бөгетті бұзып кетті, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Бразилияның солтүстік шығысындағы Баия штатында толассыз жауған нөсер салдарынан  Риу-ди-Пейши өзеніндегі бөгеттің едәуір  бөлігін бұзылды, деп хабарлады бейсенбі күні Globo телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап.

Су басқан аймақта 300-дей адам тұрып тіршілік кешіп жатқан.

Оқыс оқиғаға байланысты Коронел-Жуан-Са қаласының  басшылығы бес мектепте уақытша тұрақтайтын орын ашты. Құтқарушылар мен әскерилер халықты эвакуациялап жатыр. Осы аумақтағы елді мекендердің арасындағы жол қатынасы үзілді. Бұл құтқару қызметінің жұмысына  қиындық келтіруде.

Айта кетсек, 25 қаңтарда бразилиялық Брумадинью муниципалитетінде (Минас-Жерайс штаты)  Vale  тау-кен өндірісі кәсіпорнына қарайтын бөгет бұзылып, ондағы күллі  металлургия өндірісінің қалдықтары төмен аққан еді. Апат салдарынан 240 адам ажал қаза тауып, 20-дан астамы із-түзсіз жоғалған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT