Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Болат Кальянбеков «Nur Media» холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды

2019 жылғы 10 шілде 11:58 626
Бөлісіңіз:
Болат Кальянбеков «Nur Media» холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болат Кальянбеков «Nur Media» холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Media» холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!» делінген хабарламада. 

Болат Кальянбеков 1979 жылы туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» және Қазтұтынушылародағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.        

Мәдениет және ақпарат министрлігінде әр жылдары қатардағы маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, сондай-ақ, ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сала секторының инспекторы әрі жетекшісі болды. Қарағанды қаласының ішкі саясат департаментінде және ақпарат басқармасында еңбек еткен. Қарағанды облысының Саран қаласы әкімдігінде жастар саясаты мәселесімен айналысқан.   

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы, 2019 жылдың 5 наурызынан бері «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметтерін атқарған. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT