Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Байбек пен Сағынтаев «Made in Almaty» электробусының алғашқы жолаушылары болды

2019 жылғы 6 шілде 01:02 1054
Бөлісіңіз:
Байбек пен Сағынтаев «Made in Almaty» электробусының алғашқы жолаушылары болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  «Made in Almaty» электробусының алғашқы жолаушылары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында 6 шілдеден бастап, №206 маршруттағы электробус тестілік режімде жолға шығатынын жазды. Кейін мұндай электробустар санын 10-ға жеткізу жоспарланған.

«Нұсқалған бағытпен жүріп, Рысқұлов даңғылы және  Құлжа жолының қиылысындағы екі деңгейлі көлік айырығына дейін бардық. Бүгін мұнда эстакадада екі бағытта да қозғалыс ашылды. Осының арқасында мұндағы жолайырықтың көлік өткізу қабілеті орташа есеппен 15% артпақ», - деп жазды Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында әкім мен «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары бірнеше өндірістік нысанды аралады. Атап айтсақ, Алатау ауданының Индустриялық аймағында мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі болат құбырларды шығаратын зауыттың алғашқы цехына бас сұқты.


Байбек пен Сағынтаев «Made in Almaty» электробусының алғашқы жолаушылары болды
«Asia Steel Pipe» кәсіпорны толық қуатына көшкенде Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнімдері 60 пайызға азаяды.  Аталмыш индустриялық аймақта Жапония, Корея, Ресей, Қытай, Италия және басқа елдердің  инвестициясына 39 жоба іске асырылуда», - дейді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, Nur Otan өкілі «Falcon Eurobus» электробус зауытының басшылығы Аустрия және Германия инвесторларымен арасындағы аккумуляторлық батареялар шығаратын зауыт салу туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.


Байбек пен Сағынтаев «Made in Almaty» электробусының алғашқы жолаушылары болды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT