Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды

2019 жылғы 8 шілде 18:34 679
Бөлісіңіз:
 Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы ауданын аралаған Бақытжан Сағынтаев коммуналдық желілердің жағдайымен, абаттандыру жұмыстарымен  жіті  танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданында  аулаларды күрделі жөндеуден өткізу, газбен қамтуды дамыту,нысандарды, соның ішінде ең алдымен мектептер мен бала бақшаларды сейсмикалық күшейту қажет. Бұдан өзге, тозған желілерді жөндеп, жеке үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу керек. Аудан әкіміне осы мәселелерді шешудің нақтылы іс-қимыл жоспарын әзірлеу керектігі айтылды.

Бақытжан Сағынтаев аудан әкімі Б.Торғаевқа экологиялық менеджментті жақсарту, апатты ағаштарды жойып, жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ ол «Алматы Тазалықтың» жұмысымен және жаңа өндірістік базаның құрылысымен танысты. Жаңғырту  барысында базада жылы гараждар, тұз еріткіш тораптар, құм-тұз қоймасы және көлік жуатын орындар болады.

Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды 
Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды 

 Кәсіпорынның басты міндеті - қаланы барынша таза ұстау, қоқысты дер кезінде жинау, арықтар мен жауын кәріздерін тазарту және алдағы қысқы маусымға дайындалу.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев  өтпелі жолдардың қауіпсіздігі мен жолдардағы ЖКО оқиғалары мәселелерін қарады.Әкім реттелмеген өтпелі жолдарды абаттандыруды және оларды жарықтандыруды міндеттеді. Қала басшысы «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасы аясында Жібек жолы көшесін жаңғыртуға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынын тексерді.

Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды 
Бақытжан Сағынтаев экологиялық менеджментті жақсартуды тапсырды 

Бағдаршаммен реттеудің, видеобақылау жүйесін дамытудың тиімділігі сөз болды.

Б.Сағынтаев жолдарда өлім мен жарақат алуды азайту жөніндегі «Vision Zero Almaty» бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялауды тексерді. Бағдарлама жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітімді азайтудың оң шараларын ұсынады. Жоспарда жолға, көшеге, жол белгілеріне жол қозғалысына қатысушыларды бейімдеу мен қоғамдық көлік қауіпсіздігін күшейту басты назарға алынған.

Дәл осы күні қала басшысы жарты миллионға жуық  тұрғынды жылу және ыстық сумен қамтамасыз ететін сонау 1985 жылы салынған Төле би көшесі бойындағы жылу магистралін модернизациялаудың барысын тексерді. Биылғы жылы мұнда жарылу қаупі бар бөліктерге ғана реконструкция жүргізілуде. Қала басшысы бұл жұмыстың сапасына бақылауды күшейтуді және дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев қаланың арық жүйелері мен каналдарының жағдайымен танысты. Қала басшысы арықтар мен жауын кәріздерін инвентаризациялауды және оларды реконструкциялауды міндеттеді.  Сондай-ақ, ол  сел мен көшелерін су басып қалу себептерін жоюды тапсырды. Су басып қалу қаупі бар учаскелер қала әкімінің бақылауына алынды. Су басып қалу қаупінің алдын алу, оларға жедел назар аудару және зардаптарды жою үшін жұмыстарды үйлестіретін орталықтандырылған жүйе енгізіледі. Бұл іспен ТЖД мен аудан әкімдері түбегейлі айналысатын болады.

Алматы  әкімі «АлматыСпецТехПаркингтің» жұмысымен танысты. Жобада әлемнің ірі қалаларының тәжірибелері негізінде автокөлік тұрақтарын ретке келтіру үшін ақылы тұрақтар желісін қалыптастыру, қала аумағын тиімді пайдалану және тұрғындар үшін жайлы орта жасау қарастырылған. Қазіргі кезде қалада 5909 тұрақ орындары бар, олардың 186-сы мүгедек жандаға арналған. Тұрақтар кеңістігі құрамына тұрақтар, қозғалыстарды ұйымдастыру, қоғамдық көлік пен автомобильдерді эвакуациялау қызметі енген орталықтандырылған бірыңғай жүйе арқылы басқарылады.

Алмалы ауданын аралау барысында  Б.Сағынтаев көлік және жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып жүрген қаланың белсенді жастарының өкілдерімен әңгімелесті.

«Қаланың шет аудандарында көлікті дамыту идеяларын талқылау үшін олармен кездесуді жоспарлаудамын. Ынталы белсенді жастар, жастар және еріктілер ұйымдары мегаполисті дамыту бойынша түрлі жобаларға белсенді түрде қатысулары тиіс деп есептеймін. Барлығыңды бірге жұмыс істеуге шақырамын. Қала басқармалары мен аудан әкімдіктері қолжетімді болулары әрі ести де, тыңдай да білулері тиіс», - деді Б.Сағынтаев.

Алмалы ауданын аралаған әкім мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің құрметіне ашылған ескерткішке арнайы барып, гүл қойды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Экология, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT