Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

БАҚ: Грекияның солтүстігінде болған дауылдан 6 турист қайтыс болды

2019 жылғы 11 шілде 17:05 562
Бөлісіңіз:
БАҚ: Грекияның солтүстігінде болған дауылдан 6 турист қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекияның солтүстігінде қатты жел соғып, толассыз жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан алты турист, соның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды АНАДОЛУ агенттігі ERT телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Халкидики түбегінде болған. Алты турист, соның ішінде екі бала Салоникиге жақын маңда мерт болған. Туристер Грекияға Чехия, Румыния және Ресей елдерінен келген.

Бұдан бөлек, табиғи апат салдарынан 108 адам зардап шеккен. Соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр.

Грекия билігі түбекте төтенше жағдай режімін жариялады. Табиғи апат болған аймаққа өрт сөндіру қызметі мен азаматтық қорғаныс күштері жіберіліп жатыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT