Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

БАӘ-де ірі көлемде мемлекеттік қаражатты жымқырғаны анықталды

2016 жылғы 12 қыркүйек 09:17 9989
Бөлісіңіз:
БАӘ-де ірі көлемде мемлекеттік қаражатты жымқырғаны анықталды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктері астанасында ірі көлемде қаржы жымқыруға қатысты қылмыстың беті ашылды - мемлекеттік қазынадан 40 млн дирхам (10,8 млн АҚШ доллары) ұрланған.

Әбу-Дабидің мемлекеттік аудит институты бейсенбіде ақша жымқыру фактісі ашылғаны туралы хабарлады. Үшінші тұлғалармен қылмыстық сөз байласуға қатысқан әмірлік қызметшілері анықталды. Оларға айыппұлмен қоса, 40 млн дирхам қаражатты қайтару бұйырылды. Билік іске қатысқан  қызметкерлер мен заңды тұлғалар жайлы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді, бірақ күдіктілерден 80 млн дирхам ($21,6 млн) алу фактісін растады.

Мемлекеттік аудит институтының басшысы  Хариб Әл Амимии қылмыскерлер тобы қаржыны мемлекеттік қаражатты бөлу мен жинауды басқаруға байланысты қолданыстағы заңнаманы, қағидаларды және саясатты бұза отырып пайдаланғанын хабарлады. Мекеме істі одан әрі шаралар қабылдау үшін сот органдарына берді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT