Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

2019 жылғы 2 шілде 04:36 846
Бөлісіңіз:
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі - жастар. Дегенмен  егде жастағы қатысушылар  да  аз емес. Соның бірі - 51 жастағы Ажар Алимақанова - жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатқан марафон алдағы уақытта да  жалғасын таба бермек", - дейді «Atyrau Marathone-2019» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Түнгі марафон  4,5 км қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сөре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты 

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды.

Айта кетейік,  шілде айында дәстүрге айналған  "Эко марафоны" өтетін болады.


Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты 
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты 
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты 
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT