Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Арыстағы жарылыс: Түркия Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

2019 жылғы 29 маусым 11:13 1213
Бөлісіңіз:
Арыстағы жарылыс: Түркия Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына,  қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Түркия Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT