Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов «КамАЗ» компаниясының басшыларымен кездесті

2019 жылғы 9 шілде 23:00 546
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов «КамАЗ» компаниясының басшыларымен кездесті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресейге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған делегация барды.

Сонымен қатар, қазақстандықтар құрамында «БРК-Лизинг» АҚ Басқармасы, Қазақстан АвтоБизнесі Ассоциациясының өкілдері бар.

«Қостанайлық топ Татарстан Республикасы мен Ресейдің Свердлов облысының өнеркәсіптік мекемелерінде болды.  «КамАЗ» фирмасының бас директоры Сергей Когогин қазақстандық меймандарға автокөлік зауытының машина құрастыру конвейерімен таныстырды. Бұдан соң «КамАЗ» компаниясының ғылыми-техникалық орталығында автокөліктер көрмесі ұйымдастырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.

Сапар нәтижесінде «КамАЗ» компаниясы мен Қостанай әкімдігі екіжақты қосалқы бөлшектері шығарылмақ. Жұмыс сапары әлі жалғасады, бүгін делегаттар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласына барады. 


Архимед Мұхамбетов «КамАЗ» компаниясының басшыларымен кездесті 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT