Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Алматыдағы төбелес: Самокат жүргізген ер азамат қылмыстық жауапқа тартылды

2019 жылғы 10 шілде 14:12 713
Бөлісіңіз:
Алматыдағы төбелес: Самокат жүргізген ер азамат қылмыстық жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кеше Алматыда самокат жүргізген азамат пен қоғамдық көлік жүргізушісі арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тараған болатын. Бүгін сол самакот иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 293-бабы, яғни бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында  сараптамалық зерттеулер  жүзеге асырылады, оның нәтижиесі бойынша  қорытынды процедуралық шешім шығарылады.

Сондай-ақ, самокат жүргізушісі қызыл жанған бағдаршамға қарамастан, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Камераға түсіп қалған бейнематериал полиция қолында. Бұл факт жеке іс бойынша қаралады. Әкімшілік заңнамаға сәйкес  шара  қабылданатын болады.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT