Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Алматыда рұқсат етілмеген митингке қатысуға шақырғандар жауапқа тартылды

2019 жылғы 5 шілде 14:34 464
Бөлісіңіз:
Алматыда рұқсат етілмеген митингке қатысуға шақырғандар жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  тұрғындарды рұқсат етілмеген митингке қатысуға шақырған үгіттеушілерге шара қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Кеше  полиция қызметкерлері 1967 жылы туған Н.Г. Әбдірахмановты, мессендже әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды рұқсат етілмеген митингке қатысуға және заңнаманың нормаларын ескермеуге шақырғаны үшін ұстады. Ол адам заңғы қайшы әрекеті үшін жауапкершілікке тартылып, 10 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында рұқсат етілмеген митингке қатысуға үндейтін парақшалар таратқан 1948 жылы туған А. Өтебаеваны ұстады. Әйелден 30 парақша тәркіленді.

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен А.Өтебаеваға  50 АЕК  мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT