Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматы облысында мектептің шатыры жанып кетті

2019 жылғы 3 шілде 13:12 640
Бөлісіңіз:
Алматы облысында мектептің шатыры жанып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысының Панфилов ауданында мектептің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 шілде сағат 04:15-те Алматы облысы ТЖД-ға Панфилов ауданы Лесновка ауылындағы Д. Рақышева атындағы мектеп шатырының жанып жатқаны туралы хабар түсті. Шұғыл түрде оқиға орнына Жаркент қаласынан 2 өрт сөндіру есебі жіберілді, қашықтық - 25 шақырым. Бірінші бөлімше келгеннен кейін 04:40-та мектеп шатырының 80% отқа оранғаны анықталды. Өрт орнына қосымша Ұйғыр ауданының Шонжы ауылынан өрт сөндіру қызметі, Панфилов ауданының орман шаруашылығы, жедел құтқару жасағы және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді.

Ғимарат 2 қабатты, 1970 жылы салынған. 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, ғимараттың жалпы алаңы - 1442 шаршы метр. Өрт 07:40-та ауыздықталды және 09 сағат 50 минутта толықтай сөндірілді»,-деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, өрт алаңы 1200 шаршы метрді құраған. Қызыл жалынның себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД 31 адам 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам және 4 техника (су тасығыш), Жаркент орман шаруашылығынан 7 адам, 1 техника, сондай-ақ полиция бөлімінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT