Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында көпқабатты үйдің балконында марихуана өсірген азамат ұсталды

2019 жылғы 3 шілде 16:44 571
Бөлісіңіз:
Алматы облысында көпқабатты үйдің балконында марихуана өсірген азамат ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі қаласының полицейлері өз пәтерінде құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек өңірде жүріп жатқан «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталған. Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және есірткінің заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Күдікті азамат жанұясымен бірге көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұрады. Оның пәтеріне санкцияланған тексеру жүргізу барысында балконнан өсіруге және баптауға тыйым салынған марихуананың заңсыз өсінділері табылды. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге қарапайым гүл өсіретін ыдыстар пайдаланылған. Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз өскін тәркіленді»,- деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

Тыйым салынған өсімдікті баптап өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйіне жіберілді.

«Биыл облыстық тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымынан 400 килограмға жуық әртүрлі есірткіні тәркіледі. Олардың ішінде марихуана, гашиш және героин бар»,- деп толықтырды полицейлер.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT