Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында баукеспе ұры қылмыс үстінде ұсталды

2019 жылғы 11 шілде 23:17 502
Бөлісіңіз:
Алматы облысында баукеспе ұры қылмыс үстінде ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер баукеспе ұрыны қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іле ауданының тәртіп сақшылары маусым айының соңынан бастап аудан тұрғындарының мүлкін ұрлауды кәсіп қылған күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін сотталған Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті азамат құлыптарды бұзу немесе платикалық терезелер арқылы үйге кіріп, сатуға болатын дүниелерді үптеп кетіп отырған»,- деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Полиция өкілінің хабарлауынша, күдікті тұрғындардың үйінен электр құралдарды, ноутбук, түрлі-түсті металдарды және сатуға тұрарлық дүниелерді ұрлаған. Қолды болған дүниелер сатып алушылардан табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, күдікті келтірген материалдық шығындар есептелуде.

«Ұсталған күдіктінің Іле ауданының аумағында маусымның соңы мен шілде айының басында орын алған 9 ұрлық дерегін жасағаны дәлелденді. Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды»,- деді тәртіп сақшылары.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT