Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

2019 жылғы 3 шілде 21:07 603
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жыл басынан бері 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, олардың кінәсінен 105 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы аумағында тәртіп сақшылары заң бұзғыш жаяу жүргіншілермен күресуді бастап кетті. Өйткені көлік апаттарының басым бөлігінде жаяу жүргінші басты себепкер.

Биыл өңірде 105 көлік оқиғасында жаяу жүргіншілер кінәлі болған. Сондай-ақ әртүрлі ереже бұзған 7 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды. Ал 2,5 мың көлік жүргізушісіне жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жаза қолданылды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше жаяу жүргіншіні қаққан 400 оқиға тіркеліп, ол жерде 80 адам қаза тапқан. Сондықтан облыс полицейлері бұл бағыттағы жұмысын күшейтіп, рейдтік шараларды жиі ұйымдастырмақ.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Алматы облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT