Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы әкімдігі балалардың жазғы демалысына 232,4 млн теңге қаражат жұмсады

2019 жылғы 10 шілде 12:48 545
Бөлісіңіз:
Алматы әкімдігі балалардың жазғы демалысына 232,4 млн теңге қаражат жұмсады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі биыл жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыруға және жұмыспен қамтуға жергілікті бюджеттен 232,4 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова Фейсбукте жазды.

«2019 жылдың 1-ші жазғы сауықтыру маусымында Алматы бойынша 192 мектеп жанындағы лагерьлерде 28449 оқушы демалды. Яғни, жоспарланған балалардың тізімінен (32145) 88,5 %-ы демалыс орнымен қамтылды. Бұл 108 мектепте 9235 оқушыға  ыстық тамақ бөлінді, 5 мектеп жанындағы лагерьде жүзу бассейндері жұмыс істеді. Сонымен қатар қала сыртында 2 жазғы лагерь («Юный домостроитель ЖШС», «Алма-Тау» «Samruk Company» ЖШС) ашылып, онда 1285 бала сауықтырылды», - деді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, осы мақсатта Алматы әкімдігі биыл балалардың жазғы демалысына және жұмыспен қамтуға 232,4 млн теңге қаражат қарастырған.

Департаменттің аудандық бөлімшелері оқушылардың тамақтануының сапасы мен қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету және сауықтыру сұрақтары бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Алматы қаласы Департаментінің мамандары қала бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық шеңберінде нормативтік-құқықтық актілер талаптарын түсіндірді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Алматы, Әкім, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT