Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды

2019 жылғы 10 шілде 12:02 623
Бөлісіңіз:
Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің twitter-дегі парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды»,-деп жазды Б.Байбек. 

Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. Биыл Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Партиялар, Тағайындау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT