Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғашқы рейсін жасады

2019 жылғы 2 шілде 09:34 1077
Бөлісіңіз:
Әлемдегі ең үлкен ұшақ алғашқы рейсін жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Emirates әуе компаниясы әлемдегі ең үлкен А380 сериялық авиалайнерін рейске қосты. Алып ұшақ Дубайдан Маскатқа қатынайды, деп хабарлайды ВВС.

БАӘ-нің ең ірі қаласы мен Оман астанасының арасындағы қашықтық - 340 шақырым.

Әуе кемесі шамамен 40 минуттай ұшады. Бірақ бұл уақытта лайнер өзі тақылеттес басқа ұшақтар ұшатын биіктікке көтеріле алмайды. Әдетте мұндай алыптар шамамен 10 км және одан да биіктен ұшады. Ал Дубай-Маскат рейсімен ұшатын А380 ең арысы 5791 метрге көтеріледі.

Компанияның мәлімдеуінше, екі жаққа қарай күніне екі рейс ұйымдастырылады. Оған екі Airbus А380 жұмылдырылған. Ұшақтың эконом-класында 429 орын, бизнес-класта - 76, ал бірінші класта 14 орын бар.

Айта кетейік, Emirates әуе компаниясы А380 ұшағымен ең алыс қашықтыққа да тікелей  рейс жасап келеді. Ұшақтар жаңа Зеландияның Окленд қаласынан Дубайға дейін шамамен 17 сағат (кері бағытпен 15 сағат) ұшады, ал екі қала арасындағы қашықтық 14 мың шақырымнан асып түседі. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT