Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде балалар үйінен кетіп қалған жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

2019 жылғы 12 шілде 11:50 530
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде балалар үйінен кетіп қалған жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан кетіп қалған Әлішер Жанзақов табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік еріктілер, полиция 17 жастағы Әлішер Жанзақовты әлі іздестіріп жатыр. Қала тұрғындарының арасында оны көргендер бар, дегенмен нақты қай жерге тұрақтағаны әлі белгісіз.

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан бесінші шілде күні кетіп қалған, содан бері табылмады. Оны көрген адамдар бар, іздеу жалғасады», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Орталық директоры Өмірбек Текешовтың айтуынша, жасөспірім бұған дейін Темір ауданында тәрбиеленген, кейін Ақтөбеге жіберілген. Ата-анасы бар бала бесінші шілдеден бері іздестіріліп жатқанымен, еш хабар жоқ.

«Бұған дейін де осындай жағдай болған. Шындығында мен бала туралы жан-жақты ақпарат бере алмаймын. Оның анасы бар», - деді Өмірбек Текешов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ақтөбе облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT