Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

2019 жылғы 11 шілде 07:53 808
Бөлісіңіз:
Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Түркістан драма театрының құрылысы маусымда басталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Түркістанға сапары кезінде драма театр құрылысымен танысты. Бұл - өңірдің Түркістанға сыйы, тартуы.

«Театр құрылысы Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүріп жатыр. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы - 9700 шаршы метр. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынып жатыр. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ болады. Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрының көпшілік игілігіне  дер кезінде берілуін әрі құрылысының сапалы жүруін тапсырды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы келер жылы қолданысқа беріледі. 


Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді
Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT