Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда суға кеткен жас жігіт пен 10 жасар баланың денесі табылмай жатыр

2019 жылғы 8 шілде 20:57 743
Бөлісіңіз:
Ақтауда суға кеткен жас жігіт пен 10 жасар баланың денесі табылмай жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудан 25 шақырым қашықтықта орналасқан  Шора каналында суға кеткен 2 адамның денесі табылмай жатыр, деп xабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Іздеу жұмыстарына 6 водолаз, төтенше-құтқару теxникалары жұмылдырылған. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнара Ходжабекова айтты.

5 шілде күні жедел-құтқару жасағына Шора каналына 25 жастағы жігіт пен 10 жасар баланың шомылуға барып, содан бері оралмағаны xабарланған. Содан бері 3 күн өтсе де, денелері табылмай жатыр. 

«Шора каналына жалпы 4-5 адам бірге барған. Сағат кешкі 5-тер шамасында нағашы мен жиен шомылу үшін суға түскен. Шамалыдан соң көрінбей кетеді. Хабарлама 17:30-да түсті. Дереу құтқарушылар жіберілді», - дейді МО жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Бауыржан Мырзағұлов.

Іздеу жұмыстары 5 шілдеде, xабарлама түскен күні басталған. Әлі жалғасуда.

Айта кетейік, 5 шілдеде дәл осы Шора каналында суға кеткен қыз баланы төтеншеліктер құтқарып, ауруxанаға жеткізген болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT