Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

2019 жылғы 10 шілде 13:49 1039
Бөлісіңіз:
Ақтауда суға кеткен екі адамның бірінің денесі табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар 5 шілде күні «Шора» каналына шомылуға кетіп, қайтып оралмаған 25 жастағы жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 жастағы Әбуғали Еркебұланды іздестіру әлі жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы мәлімдеді.

Құтқарушылар 25 жастағы  Толбай Серіктің денесін бүгін шамамен сағат 11-лерде «Шора» каналының бойынан тапқан.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні 2 ағайынды жігіттің қала шетінен 25 шақырымда орналасқан «Шора» каналында шомылуға кетіп, оралмағанын жазған болатынбыз. Олардың қасында болған 21 жастағы әйелді жергілікті полиция қызметкерлері құтқарып қалған.

Осы «Шора» су каналы аумағында былтыр да бір адам ажал құшты.

Бұдан бөлек, Ақтаудағы 4-шағын аудандағы жағалау аса қауіпті саналады. Алайда, мұнда да ескерту тақтайшаларына қарап жатқан ешкім жоқ. Жасөспірімдер мен балалардың бәрі осында шомылады. Ал, Ақтау қаласынан 43 және 64 шақырымдағы жағалау да адам өмірі үшін қатерлі.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы облыста 7 адам суға кетті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT