Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды

2019 жылғы 7 шілде 19:19 837
Бөлісіңіз:
Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай және Зеренді аудандарында бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды, оның 10 - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 6-да  Бурабай және Зеренді аудандарының курортты аймақтарында 40 адам судан құтқарылған.

«Бурабай көлінде демалып жатқан 35 адам (оның ішінде 10 бала) құтқарылды. Оқиға адамдар баржамен жүзіп жүргенде орын алған. Жағадан алыстап кеткен электр қозғалтқышты баржаның аккумуляторы отырып қалды. Сондықтан, демалушылар өз күштерімен жағаға шыға алмады. Сол кезде, жаңбыр жауып, қатты жел тұрған. Екпінді толқыннан баржа шайқалып, адамдардың суға кету қаупі туды», дейді  ведомстводан.


Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды

Демалушылар сағат 19.30 шамасында «112» нөміріне қоңырау шалған. Арада бірер минут өткенде оқиға орнына құтқарушылар да келіп жеткен.

«Жедел шаралар кезінде 35 адамның барлығы құтқарылып, жаға жеткізілді», деп толықтырды ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Сол күні Зеренді көлінде үрлемелі матраспен жүзу кезінде жағадан алыстап кеткен 5 адам құтқарылған.


Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT