Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

2019 жылғы 8 шілде 20:26 791
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ірі жол апаты болып, 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы алтауы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілде күні таңғы 02:30-да Астрахан ауданының кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы тасжолының 1093-шақырымында, Жалтыр ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабарланған.  

«Mercedes ML маркалы көлігін жүргізіп, Атбасар қаласынан Нұр-Сұлтанға келе жатқан 45 жастағы астаналық тұрғын қарама-қарсы жолаққа шығып, ВАЗ 21015 және Volkswagen Golf көліктерімен бетпе-бет соқтығысқан. Соңғы екі машина Павлодардан Қостанайға бара жатқан», - деп мәлім етті ведомстводан.

Аймақтық ПД жол апатынан 6 адам қаза тапқанын хабарлады. Олар - ВАЗ 21015 көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы (ішінде 6 жасар бала да бар), сондай-ақ, Mercedes ML көлігінің жолаушысы. Астрахан аудандық ауруханасына тағы 6 адам жеткізілді: Mercedes ML көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы және Volkswagen Golf екі жолаушысы. Жарақат алғандар ішінде 3 бала бар.

«ҚР Қылмыстың кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп қосып өтті ведомстводан.




Автор: Оксана Матасова

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT