Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Абайға 175 жыл: Ақын өлеңдерін оқу эстафетасына этнос өкілдері көптеп тартылады

2019 жылғы 11 шілде 16:37 696
Бөлісіңіз:
Абайға 175 жыл: Ақын өлеңдерін оқу эстафетасына этнос өкілдері көптеп тартылады

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбаймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жансейіт Қансейітұлы Ассамблеяның атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты таныстыра келе, «Qazaqstan» ұлттық арнасының этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін нығайту жолындағы зор үлесін атап өтті.

Ұдайы ақпараттық қолдау көрсетіп отырған Басқарма төрағасы Ләззат Мұратқызына айрықша алғыс білдіріп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапаттады.

Ләззат Мұратқызы өз кезегінде «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінен апта сайын шығатын жарты сағаттық «Менің Қазақстаным» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Кездесу соңында «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасына этнос өкілдерін көптеп тарту мәселесі келісілді.

  

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT