Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

#Abai175: Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны қабыл алды

2019 жылғы 11 шілде 19:44 688
Бөлісіңіз:
#Abai175: Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны қабыл алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Осы эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын»,- деп жазады Игорь Крутой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT