Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80

8 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 8 шілде 07:00
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 8 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

8 шілде, ДҮЙСЕНБІ 

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1994 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында Абылай хан ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

2009 жылы Ұлттық банктің Астанадағы орталық филиалына «OLYMPIC GAMES 2010», «Ежелгі қорған қазыналары. Берел қорғаны» сериясынан - «Жыртқыш пен бұғы» және «Жалаулы көмбесі» коллекциялық шақалары келіп түсті.

«Жалаулы көмбесі» шақалары 999/1000 сынамалы, «proof» сапалы алтыннан жасалған, салмақтары 0,5 және 1,24 грамм. Олардың ішіндегі үлкенінің құны - 8500 теңге, кішісінің құны - 4500 теңге. «Жыртқыш пен бұғы» шақасы да осы сынамадан жасалған, құны да осындай.
«OLУMPIC GAMES 2010» шақасы 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм.

2009 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында салтанатты ағдайда Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды.

Ғалымның мүсіні қаланың бас көшесіне орнатылды. Ескерткіш авторы павлодарлық мүсінші Игорь Соболев мүсіндік портретте атақты жерлесін барынша шынайы көрсетуге тырысқан.

2010 жылы Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатына ресми түрде қазақтың саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың қолжазбалары тапсырылды. Қолжазбаларды Түркиядағы ТҮРКСОЙ Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының өкілдері тапқан.

2010 жылы Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосында машиниске қойылған символдық ескерткіш ашылды. Жалпы биіктігі үш метрден астам болатын құрылымды ескерткіш ылғи да құрметпен киілетін машинистің формасын бейнелеген. Оның қолына өзімен бірге пойызда алып жүретін машинистің жеке заттары мен азық-түлік салынған жол сөмкесі ұстатылған. Ескерткіш темір бетонмен жасалып, қоламен қапталған. Ескерткіш орнату туралы ой Ақтөбе локомотивті депосында ұжымның, құқық одағы мен Ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен бір жиында айтылған. Бұл ескерткіштің Ақтөбеде орналасқандығы жайдан-жай емес, дәл осы жерден темір жол көлігінің тарихы басталған десек болады.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ескерткіш банкнотасын шығарды.

Түсі: негізінен көк-күлгін. Алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, «Қазақ Елі» монументі бейнеленген. Артқы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы - Ақорданың кескіні түсірілген.

2017 жылы 6 жасар ақтаулық Аянат Дәулеталина Болгарияда өткен Prince&Princess of the World халықаралық фестивалінің гран-при жүлдесін жеңіп алды. Конкурсқа әлемнің 20 елінен 50 өнерпаз қатысқан болатын. Фестивальмен қатар өткен Star of the world-2017 байқауында Аянат бір ән айтып, екі би билеп, үш алтын медальдІ иеленді.

2017 жылы Алматыға қазақ суретшісі Тимур Дайырбаев британиялық коллекционер, профессор Гэйвин Кретчмар және Альпер Акдениздің жеке коллекциясы үшін арнайы салған суреттер жеткізілді. Коллекцияда «Қазақтың рухы» деп аталатын үлкен 12 полотно және Каспий жайындағы «Колористер» сериясының үш туындысы бар.

2018 жылы қазақстандық Роман Лошкарев жеңіл атлетикадан Израильде өткен ашық чемпионатта биіктікке секіруден чемпион болды. Алтын медаль үшін алты спортшы күресті. Солардың ішінен жалғыз шетелдік спортшы - Лошкарев 2,17 метрді бағындырып, жеңімпаз атанды.

 

 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT