Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80

7 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 7 шілде 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат жексенбі, 7 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


7 шілде. Туған күн иелері62 жыл
 бұрын (1957) VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Федоровна БЫЧКОВА  дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Физика (1978ж.), заң (1991ж.) факульттеттерін бітірген. (1986 ж.) Бүкілодактық ҒЗИ сот сараптамасы бойынша аспирантураны аяқтады.

1978-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҒЗИ сот сараптамасында инженер, маман, кіші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, ғылыми жұмыстар бойынша бастықтың орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы.

1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама орталығының директоры.

2002 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

2007 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс төртінші шақырылымының депутаты.

2012 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бесінші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық комитетінің хатшысы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурызынан бері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Неміс тілін меңгерген.



7 шілде. Туған күн иелері 57 жыл
бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Альберт Полатұлы МАТКАРИМОВ дүниеге келген.

Шымкентте туған. Ташкенттегі жоғары танкі командалық училищесін бітірген (1983).

Еңбек жолы: Түркістан әскери округінде қызмет еткен (1989-1992); РФ ІІМ ішкі әскерлері құрамында тәжік-ауған шекара учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша тапсырмаларды орындаған (1993); Ішкі әскерлер құрамасының полкті моральды-психологиялық даярлау тобы бастығының аға көмекшісі лауазымынан құрама командирінің орынбасары лауазымына дейін қызметтер атқарған (1993-2002); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер жоғары әскери училищесі бастығының орынбасары (2002-2003); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Батыс құрамасының, кейіннен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Шығыс құрамасының командирі (2003-2010); ҚР ІІМ әшкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2010 жылдан).

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, ҚР, ТМД елдерінің және СССР медальдарымен марапатталған.

 

 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT